Шымкентте 747 млн теңгені жымқырған шенеунік ұсталды
302
Бұл туралы Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің басшысы онлайн брифингте айтты деп хабарлайды Opennews ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 18 сотқа дейінгі тергеу ашқан болса, биыл жартыжылдықтың өзінде ғана 15 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлығы – қылымыстық істер. Оның көбі ақша жымқыру, парақорлық лауазымдық өкілетін пайдалану баптарымен байланысты.
«Мысалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының үстінен қозғалған іс жатыр. Ол жалпы сомасы 180 млн теңгеден асатын жұмыстардың орындалғаны туралы жалған актіге қол қойды деген күдікке ілінді. Күрделі жөндеу нысаны – «Нұрлы жол» бағдарламасаның аясында қаржы бөлінген «Бөрілі-Ақсай-Жымпиты» бағытындағы жол.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы мен өзге тұлғалардың үстінен де қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар былтыр қазан айында мемлекет бюджетін ысырап ету арқылы 747 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Мұнда да қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген», – деді Саян Ахметжанов.