11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

1 737

Pixabay.com11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған.

Полицияның дерегінше, марқұм оқушы қаладағы №9 мектепте білім алған. Суицидке не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Мектеп басшылығының айтуынша, жасөспірім сабақты жақсы оқыған, соңғы күндері ешкіммен ұрыспаған.


“2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысы үйінде, жеке бөлмесінде өзіне қол жұмсағаны анықталды. Мектеп әкімшілігі оның оқу үлгерімі жақсы болғанын хабарлады”, – деді Шымкенттегі білім беру мекемесінің баспасөз қызметі.

Қазір бұл істі Шымкент ішкі істер басқармасы бақылауда ұстап отыр. 


“Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Шымкент ІІБ баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.