ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР: ӘКІМДІК АЙТҚАН ЖЕРГЕ БАРЫП, АЙЫПТЫ БОЛДЫҚ

1 938
Қызылорда қаласының Орталық алаңында кешкілік кәсібін жүргізетін кәсіпкерлерге қала әкімшілігі тарапынан  тосқауыл қойылды, -   деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Орталық алаң кешқұрым сауда-саттық орындарына айналып жүргеніне бүгінде 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Кешкілік серуенге шыққан адам саны да жетерлік.  Десек те, қауіпсіздікті ескерілмеген деген түрлі сыни пікірлер мен зардап шеккен ата-аналар арыз-шағым білдірген болатын. 
Расында, қала тұрғындарының қызу талқылауына түскен, енді бірінің наразылығын тудырған Орталық алаңдағы кешкілік іске қосылатын велосипед, скутер, мопед секілді түрлі шайтан арбалардың  қала әкімдігі тарапынан тосқауыл қойылып, ескерту берілді. 
Қала әкімдігі мен қоғамдық кеңес мүшелері, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  қала ішіндегі басқа да демалыс орындарына орнығуын сұрады. Осы орайда, 



«Сіздер мәмілеге келіңіздер. Әкімдікпен белгіленген жерге барыңыздар. Тәртіпке бағыну керек. Сіздер кәсіп иесі болғандықтан, Орталық алаңда қазіргі күні заңсыз отырсыздар. Ал, заң талаптарына сәйкес сақталуы тиіс. Сіздердің құрылғыларыңызды бос уақытын тиімді пайдалану үшін қолдану керек. Демек, айдай алатын, біреудің өміріне зиян тигізбейтін болуы керек.»,- дейді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша басшысы Ләззат Бақтыбаева.  

Кәсіпкерлерге ұсынылған «Тәуелсіздік» даңғылы,  «Сыр Ана» монументі, «Қорқыт Ата» автотұрағы, «Тұңғыш Президент» паркі,  «Қалалық парк», «Сол жақ жағалауы» секілді, көпшілік серуендейтін орындар ұсынылды. Ал, кәсіпкерлердің айтуынша, әкімдіктің ұсынған жеріне халық шоғырланбаған және де осы жүргізу құрылғыларын қолдану барысында ие бола алмай қалуы мүмкін дейді.



«2019 жылға дейін жыл сайын әкімдік іс-шара үшін кәсібімізді құп көріп, біздің велосипедтерімізді түрлі іс-шараға пайдаланып келіп, неге енді қуып жатыр? Осы күнге дейін маусымдық жұмысымызға ай сайын ақы төлетіп келіп, жеке кәсіпкерлікті аштырып, санитарлық кітап жасадық. Енді бүгін бәрі заңсыз болып отыр ма? Өткенде қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова келіп, велосипедтердің санын азайту мен Балалар күніне ақша жинаймыз, Жаңа жылда ақша жинап береміз. Күнімізді көре алмай отырғанымызда әкім орынбасары  келіп, «Сыр Ана» монументіне жіберді, ал сонда барғандарға айыппұл салынған. Әділдік қайда, әкімнің уәдесі қайда? Енді кәсіпкерлер скутерді алып тастайық. Қалған кәсіп иесі өз жұмысын жалғастырсын.»,-кәсіп иесі Ләззат. 

Кәсіпкерлердің сөзіне сүйенсек, қала әкімінің орынбасары Ақзира Бақтыбайқызы кәсіпкерлерді «Сыр Ана» монументіне барып, халыққа қызмет ұсынуға мүмкіншілік бар екендігін айтқан екен. Алайда,  кәсіпкерлердің біріне 30 мың теңге айыппұл салынып, енді  біріне хаттама толтырылғандығы белгілі болды. 


Бұл жөнінде, «Сыр Ана» монументіне  барған кәсіп иелеріне салынған айыппұл тыйым салынған жерге , яғни аббаттандыру үстіне батуттың қойылғандығын алға тартқан  «Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» басшысы:
«Акт толтырылып, айыппұл салынғандығы рас. Себебі аббаттандырылған жерге қойылуы болып отыр. Ол заң шеңберінде берілген тәртіп бойынша бекітілген. Кәсіпкерлерді қолдауда барынша ұсыныс берілуде, ал келіспеушілікке байланысты заңсыз кәсіп үшін де   5АЕК бойынша айыппұл салынады. Егер Орталық алаңда отыратын болса»,- деді  Амангелдиев Бағлан Бақытжанұлы



Алайда, кәсіп иелері әкімдік тарапынан қойылған талаптарға қарсылық танытуда. Себебі Орталық алаңда  бір күндік тапқан ақымызды өтемейміз басқа жерде. Ақшамыз тасығаннан жүрген жоқпыз, осы жердегі жүрген 20-30 кәсіп иесі бала-шағамыздан арзымайды, ал «Қалалық паркінің» жерге төленер ақшасы тым қымбат оның үстіне біздің самокат пен велосипедтерімізге торын жоқтығын айтуда. 

Шындығында Қалалық парк басшысыда кәсіпкерлердің мопед, самокат, велосипед сынды құрылғыларына тыйым салынғандығын атап өтті. 

Қала әкімдігі тарапынан әкім орынбасарының берген уәдесінде тұрмай кәсіпкерлерді қаңқу сөз бен құрғақ уәдемін шығарып салды. Ақыр аяғында айыппұл арқалаған кәсіпкерлер бізге Орталық алаңды заңдастырсың, тым болмаса Арбаттың бойын берсін деп отыр. 



Сонымен қатар, кәсіпкерлердің басты талабының бірі уәде берген әкім орынбасары ортамызға келсін деген басты талабы да орындалусыз қалды. Жұма күні әкім қабылдауы болмаса, қайта кешкілік өз кәсібімізді жандандырып, іске қосамыз деген кәсіпкерлер әкім қабылдауын сұрауда.