Жеке мектепте мұғалімдердің жалақысы берілмеген

1 511

Фото:© canva.comАлматы облысының прокуратура органдары еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 2 ұйымда қызметкерлер алдында жалақы бойынша берешекке жол берілгені анықталды. Қабылданған прокурорлық шаралардың нәтижесінде 1 626 жұмыскердің құқықтары қорғалып,487 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы толық өтелді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жалақыны айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеуге міндетті. Алайда Еңбекшіқазақ ауданындағы «ALTYN ADAM» жекеменшік мектебі ұзақ уақыт бойы 134 педагогке жалақы төлемеген. Берешек сомасы 75,9 млн теңгені құрады. Прокурорлық араласу нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, еңбек инспекциясы тарапынан заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Қазіргі уақытта жалақы толық көлемде төленді. Жалпы, ағымдағы жылы прокуратура шараларымен 18 839 азаматтың құқықтары қорғалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.