Көкшетаулық азамат көршісінің үйін балаларымен қоса жағып жібермек болды
382
Ішімдікке сылқия тойып алып, көршісінің үйін өртемек болған тұрғын ұсталды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Көкшетау қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, көршісі оның үйіне безнин шашып, өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.

«Айтылған мекен-жайға дереу учаскелік полиция инспекторы, капитан Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай жетті. Олар барған кезде, үйдің ішінде масаң күйде екі ер адам және бір бала болды. Тағы төрт бала үйдің ауласында жүрді. Ер адамдар үйдің бөлмелерінің еденіне бензин шашып, от қоюға әрекеттенген. Полиция оқыс жағдайдың алдын алды», – делінген хабарламада.