Автобус пен тепловоз соқтығысы: зейнеткердің жағдайы ауыр

1 390

Фото: Видеодан скриншотАлматыда автобус пен тепловоз соқтығысуынан 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 80 жастағы зейнеткер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылған.

Оның қабырғасы мен білегіне зақым келген. Науқастың жағдайы ауыр екені хабарланды.

Тағы бір зардап шегуші Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Жағдайы белгісіз.

Задап шегуші қалған бес адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

88 маршрут автобусы бүгін Әуезов көшесінің бойындағы теміржолмен өтіп бара жатқанда тепловозмен соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып атыр.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.