10 сыныптың оқушылары өздерінен төмен сыныпта оқитын оқушыларға әлімжеттік көрсеткен
2 қыркүйек күні Ақтөбе облысы Қопа ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдықты жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Соққының салдарынан 14 жастағы бозбала оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның анасы Амангүл Раушанова кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Себебі бұзақы балалардың ата-аналары мектепте мұғалім, енді бірі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін көрінеді.
10 сыныптың оқушылары өздерінен төмен сыныпта оқитын оқушыларға әлімжеттік көрсеткен. Амангүл Раушанованың айтуынша, Нұржанды ұрған бес баланың үшеуі ғана қамауда отыр.
Сол жерде болған оқушылардың сөзінше, жоғары сыныптың оқушысы ұрған кезде Нұржан құлап қалған. 10 сыныптың оқушылары оларға ешкімге айтпауын бұйырып, қайтарып жіберген.