10 сыныптың оқушылары өздерінен төмен сыныпта оқитын оқушыларға әлімжеттік көрсеткен

1 332

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Caravan.kz2 қыркүйек күні Ақтөбе облысы Қопа ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдықты жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Соққының салдарынан 14 жастағы бозбала оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның анасы Амангүл Раушанова кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Себебі бұзақы балалардың ата-аналары мектепте мұғалім, енді бірі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін көрінеді.

10 сыныптың оқушылары өздерінен төмен сыныпта оқитын оқушыларға әлімжеттік көрсеткен. Амангүл Раушанованың айтуынша, Нұржанды ұрған бес баланың үшеуі ғана қамауда отыр.

«Жалпы 19 бала деп отыр. Соның ішінде бесеуі ұрған. Бірақ істі болып ішінде отырғаны үшеуі ғана. Ал екеуі жүр», - дейді марқұмның анасы.

Сол жерде болған оқушылардың сөзінше, жоғары сыныптың оқушысы ұрған кезде Нұржан құлап қалған. 10 сыныптың оқушылары оларға ешкімге айтпауын бұйырып, қайтарып жіберген.

«11 сыныптың оқушылары қасында тұрып бұйрық берген. 10 сыныптың оқушылары аяған. Кейбіреулерінің ішінде інілері бар. Олар ақырын ұрса, «сендер олай ұрмаңдар» деп қайтадан өздері ұрған. Осылай ұрыңдар деп көрсеткен», - дейді анасы.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.