Асырап алған балаларын құл қылған келіншек 4 жылға сотталды

1 272

Фото: theregister.comҰлытау облысында жетімдер үйінен асырап алған ағайынды ұлдар мен бір қызды аямай қанап, қалың малын бақтырған келіншек 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тергеу анықтағандай, Садықова 2018 жылы 3 жетім балаға патронат болады. Кейін  оның үлкен шаруа қожалығы болған. Ондағы малды бағып, артын тазалайтын жұмысшыға ақша шығындағысы келмеген ол осы үш жетім баланы жұмысқа жеккен.

«Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген. Егер балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда Садықова оларды сабаған», - деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.

«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 11 шілдедегі үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратура.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.