Мас жұмысшы көлікті рұқсатсыз айдап жол апатына ұшырады
Степногорскіде мас күйдегі жұмысшы бастығы ұйықтап жатқанда оның Lexus GX470 автокөлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшыраған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Жол талғамайтын көліктің иесі көлігінің ұрланғанын және апатқа түскенін тек үйіне келген полиция қызметкерлерінен естіген. Оқиғаға қатысты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берген. Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 102 пультіне түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде болғанын және көліктің оған тиесілі емес екенін анықтаған.
"Көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жол талғамайтын көліктің иесін анықтап, тапты. Белгілі болғандай, ер адам өзінің көлігі ұрланғанын да білмеген",- деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 21-ші шілдеде.
Көлік иесінің айтуынша, ол кешке үйінде ұйықтап қалып, көліктің кілтін жанына қалдырған. Сол кезде үйде оның жұмысшылары болған. Жұмысшылардың бірі иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, көліктің кілтін алып кеткен. Кейін досымен бірге ішімдік ішуге шығып, соның салдарынан жол апатына түскен. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.







