Су шаруашылығы: Өңір үшін аса өзекті
Өңір үшін аса өзекті су шаруашылығы,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Судың табиғаттағы және адамзат өміріндегі ролін дана халқымыз «Су – тіршілік көзі» деп бір ауыз сөзбен түйіндегені де, «От пен су – тілсіз жау» деп сақтандырғаны да рас. Бүгінгі айналамызда болып жатқан оқиғалар осыны растап отыр.
Салыстырмалы түрде азғана уақыттың ішінде қазақстандық Арал өңірінде 250 мың гектар жер инженерлік жүйеге келтіріліп, күріш өндірісі дамып, еліміздің осы дақылға деген сұранысын толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Бүгінгі күні ауылдық елді мекендердің басым көпшілігі күріш суару жүйесі арқасында пайда болып, мал шаруашылығы экономикалық тұрғыдан күріш өндірісіне тікелей тәуелді болғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Күріш суару жүйесінің бір ерекшелігі, осыншама алқап бірде-бір насоссыз өздігінен суару қабілетінде болуы сол кездегі жобалаушы, салушы мамандар сапасын айшықтайды. Ауыспалы егістің екінші дақылы – жоңышқаның малазықтық ролімен қатар, топырақ құнарлығын сақтаудағы да маңызы жоғары болды.
Күріш суару жүйесіндегі жайқалған құрақ шөп сол кездегі ауыл тұрғындарының қорадағы малына азық болғанын, оны дайындауға мектеп жасындағы балаларға дейін қатысқанын әлі ұмыта қойған жоқпыз, яғни балаларды еңбекке баулу, тәрбиелеу секілді маңызды мәселелер де шешілгені рас.
Кезінде Сырдария және Әмудария өзендерінің суы бір орталықтан (Мәскеу) басқарылуына байланысты облыста күріштің 135 мың гектарға дейін егілгенін білеміз. Дегенмен, мақта, күріш, тағы да басқа дақылдардың егіс көлемінің өсуі, ғылыми нәтижелердің (жаңа сорттар, агротехнология, т.б.) өндіріске енбеуі және су үнемдеу технологияларын пайдаланбаудың салдары сексенінші жылдардан бастап Арал теңізінің тартылуына, аяғы бүгінгі жағдайға әкелді.
Әрине, сол кезеңде Аралды сақтау жөнінде ештеңе істелмеді деуге болмас. Одақ көлемінде Солтүстік өзендер бассейндерінің су қорын Арал теңізіне әкелу жөнінде үлкен-үлкен жобалар жасалып, каналдар трассасы анықталып, жұмыстық сызбалары дайындалған-ды. Қазалы ауданында су шаруашылығының майталманы Самұрат Имандосов басқарған ПМК-86 мекемесі (кейіннен «Қазалыводстрой» тресіне айналды) Аманөткелден төмендегі Ханарықтан Арал теңізіне Үшшоқының тұсына 90-жылдары канал қазуды бастап кеткені де есімізде.
Осы каналды қазу үшін Ресейдегі Волгоград мелиорация бірлестігінен қадымдағыш экскаватор әкелу мақсатында келіссөз жүргізуге аймағымыздың мелиорациясының дамуына ерекше үлес қосқан В.Морозов, Ә.Мақұлбековпен бірге жас, алғыр, білікті маман Б.Көшербаев та барды. Ол «Неге қадымдағыш экскаваторды әкелу керек болды десек, жобаланған каналдың бас жағы миллиондаған жылдар бойы судың астында қалыптасқан топырақ қыртыстары тасқа айналған қатты қабат еді. Беткейлерінің еңістігі кей жерлерде m = 3,5,0 дейін болуына байланысты канал бетінің ені жердің бедеріне байланысты кей жерлерде 160-180 метрге дейін жетті. Кәдімгі қолданыстағы скрепер, трактор, экскаваторлармен қазу үлкен қиындық тудыруы себепті Саратов қаласынан жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандарды алдырып, ақылдасқанбыз. Топырақ қабатының қаттылығы сондай, әдеттегі жер тегістеу жұмыстарында қолданылған кезде скреперлердің пышағы 10-15 жыл ауыстырмай жұмыс істесе, канал трассасында 5-6 күнде мүжіліп, қайта-қайта ауыстыруға тура келді. Біздің мамандар түрлі қосымша әдістерді қолданып, сол кездегі қуатты ХТЗ-300 маркалы тракторлармен трассаны алдын ала қопсыту арқылы скреперлерге жол ашқанбыз.
Енді адымдағыш экскаватор туралы мәліметтерді де айтайын. Экскаватордың салмағы 800 тоннадан асады, қауашағының сыйымдылығы 50 м3, ал электродвигателінің салмағы 40 тонна, кабельдерінің жуандығы 30-40 см дейін болды. Кабинасы үш бөлмелі пәтермен бірдей болды десем, артық айтқандық емес, экипажы 3-4 адамнан тұрды.
Осы экскаваторды жеткізудің, монтаждаудың өзі бір хикаяға материал болады. Бір бөліктері теміржолмен, қалғаны автокөліктермен жеткізілді. Ол кезде бүгінгідей қуатты крандар жоқ, сондықтан 40 тонналық кранды Арменияның Ленинакан қаласынан алдырып, 40 тонна электромоторын монтаждауды қосымша 25 тонна екі кранды қолдана отырып жасағанымызды айтсам, біреу сеніп, біреуі сенбейтінін түсінемін.
Бір әттеген-айы, сол кезде осы жұмыстардың бәрін фильмге түсіріп алғанда дұрыс болатын еді. Кейіннен Одақ тарады, басқа формация орнап, дүние бөліске түсіп, жүйенің быт-шыты шығып, аяғында ғасырлар бойы шалқыған Арал теңізін жоғалттық» деп әңгімесін қорытындылаған.
Осы көрініс сол кезеңде мемлекет тарапынан су шаруашылығы мәселесіне қандай көңіл бөлінгенін көрсетіп отыр. «Онда неге Арал теңізін жоғалтып алдық?» деген сұрақтың туындауы заңды және оны бір мақала аясында түсіндіріп өту қиындау. Жоғарыда айтылған Сібір өзені бассейіні суын Аралға бұру жобасы тым жақсы негізделген-ді. Одақтың тарауы, С.Залыгин секілді ресейлік инженер-мелиоратор-жазушы тұлғалардың қоғамдық пікір тудыру себептеріне байланысты бұрын-соңды болмаған мегажоба жүзеге аспай қалды.
Бүгінгі күні Қазақстан тарапынан жүргізілген жобалардың нәтижесінде Кіші Арал сақталып, сонау 90-жылдары жойылып кеткен балық шаруашылығы қайта жанданып, балықты экспортқа шығаруға қол жетті. Арал өңірінің экологиясы да тұрақтала бастады. Дегенмен әлемде қалыптасып отырған жаһандық климат өзгерісі біздің өңірде де айқын сезілуде.
Ортаазиялық төрт мемлекет территориясымен өтетін Сырдария өзені су қорын пайдалануда мемлекетаралық комиссиялар жұмысында келісілген су лимитін алуға Қазақстан қол жеткізе бермейтіні белгілі. Бұған табиғи-климаттық, географиялық факторлармен қатар еліміздегі су шаруашылығындағы саясаттың да әсері бар екенін осы салаға ерекше еңбегі сінген мемлекет және қоғам қайраткерлері, білікті мамандар, ғылыми орта өкілдері, журналистер әрдайым айтып жүреді.
Кейінгі жылдардағы қазақстандық Арал өңірінде қалыптасып отырған құрғақшылық, су тапшылығы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана әсер етпей, қоршаған ортада да стрестік жағдай қалыптастырып отыр. Қоғамда судың тапшылығын суармалы егіншілікпен, оның ішінде күрішпен байланыстыратындар да баршылық. Бірақ бүгінгі күннің мінберінен экономикалық, әлеуметтік, практикалық, ғылыми-сушаруашылық тұрғысынан қарасақ, күріш дақылын егу арқылы біз қазақстандық Арал өңірінің дамуын қалыптастырып қана қоймай, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтап отырғанымыз да шындық.
Сонау 1960-жылдардан бастап инженерлік жүйеге келтірілген күріш суару жүйесінің конструкциялық ерекшеліктері негізінен күріш дақылын өсіруге арналып, каналдар желісі қажетті су көлемін өткізіп, егіс алабын сумен қамтамасыз етуге есептелген. Иә, суды аз тұтынатын әртараптандыру дақылдарын егуге болады, бірақ қандай да бір дақыл болмасын біздің аймақтың климаттық жағдайында суарусыз өспейтіні белгілі. Экономикалық тұрғыдан тиімділігі жоғары дақылдарды өндірістік көлемде егіп, өнім алу үшін де кемінде 7-10 рет суару қажет болатынын осы салаға өмірін арнаған шаруалар жақсы біледі. Сонда қолданыстағы суару жүйелерін пайдалана отырып, қаншалықты суды тиімді пайдаланамыз деген сұрақ туындайды.
Екінші мәселе, күріштің мелиоративтік әсері арқылы ғана топырақтың табиғи және екінші қайтара тұздану қаупі жағдайында басқа дақылдарды егіп, өнім алуға мүмкіншілік болып отырғанын ескеруіміз керек. Жалпы су жұмыс істеуі керек. Экономикалық жағынан тиімсіз болса, шаруашылықтар күрішпен айналыспайтыны белгілі, демек күріш дақылымен айналысу барлық жағынан тиімді екенін өмір дәлелдеп отыр.
Соңғы деректер көрсеткендей, аймағымызда төрт түлік мал басы өсіп отырғанын байқаймыз. Ауылдық елді мекендерді айтпағанда, аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында малмен айналысып отырғандардың саны көбеюде. Бұл – әрине, қуантарлық жағдай. Ет бағасының 2000-2200 теңге деңгейінде тұруы да осыдан.
Мал шаруашылығы қарқынды дамуы үшін құнарлы жем-шөппен қамтылу маңызды екені айқын. Міне, осы мәселені шешуде күріш өндірісінің маңызы айрықша екенін көріп-біліп жүрміз. Күріш ауыспалы егісіндегі екінші дақыл – жоңышқаны өндіруде күрішшілер үлкен табыстарға жетуде.
Кейінгі жылдардағы су тапшылығы, қуаңшылық жағдайында табиғи шабындықтар мен жайылымдардың күйіп кетуі суармалы егістікте малазықтық дақылдарды өсіру мен күріштен мол өнім жинаудың өзектілігі еселеп арттыруда. Күріш дақылын өңдеу барысында пайда болатын өнімдерді малазықтық құнарлы жемді дайындауға пайдалану күріш өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырып, сапалы ет, сүт өнімдерін алуға әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар ғылыми тұрғыдан негізделген агротехнологиялардың кеңінен қолданылуы, тұқым өндірісінің жолға қойылуы, заманауи ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілгені, өңдеу-сату кластерінің жолға қойылуы, мемлекет тарапынан қолдаулар – бұл саланың өміршеңдігінің тікелей дәлелдері.
Аймақтағы 60-70 мың гектарға жуық жоңышқа дақылының ерте көктемде бір-ақ рет суарылып, қалған уақытта күріш алқабының ызасымен өсетінін ескергеніміз жөн. Сонда күріштің суармалау нормасының айта беретін 30-38 мың м3-тан 20,0-24,0 мың м3 деңгейінде екені ғылыми зерттеулермен дәлелденген.
Дегенмен суды үнемдеу мәселесі күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Мемлекет тарапынан САРАТС-1, ПУИД-1, ПУИД-2 жобаларының орындалуы, үрмелі плотиналардың салынуы, 2022-2023 жылдары 133 дана электрлі және дизельді насостардың алынуы – тек қана «Сырдария» бассейніндегі су ресурстарын басқаруды, пайдалануды реттеудегі Қазақстан тарапынан орындалған шаралар.
Шаруашылықтар тарапынан да суды тиімді пайдалану бағытында үлкен іс-шаралардың атқарылып жатқанын білеміз. Көптеген шаруашылықтар қуатты экскаваторлар, скреперлер, лазерлік жер тегістегіштер, насостар алып, суды тиімді пайдалану арқылы гектар шығымдылығын арттыруға қол жеткізуде. Бүгінгі күні 1 тонна күрішті өндіруге 10-12 мың тонна су жұмсамай, әлемнің су пайдаланудағы озық елдерінің қатарына жетіп, 4-5 мың тонна су жұмсап отыр.
«Ер-Әлі» ШҚ тәжірибесі бүгінгі күні суды тиімді пайдаланудың озық үлгілерін көрсетті. Жерді тегістеу, ауыспалы егісті сақтау, әртараптандыру дақылдарын егу, сорт алмастыру, сапалы тұқымды пайдалану, суару режиміне қатаң бақылау жасау, агротехнологиялық шараларды уақытылы, сапалы орындау, коллекторлы-кәріз суларын қайта пайдалану, егу-жинаудың оптимальды уақыттарын сақтау арқылы күріштен 100 центнерге дейін өнім жинап жүргені жасырын емес. Шаруашылығындағы мамандарға ғана емес, бүкіл ауылға әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қолдаулары да – нағыз іскерлік пен адамгершіліктің көрінісі. Жоңышқа егістігінің көз қызықтыратындай жайқала өсуі, үш орымды кәміл жинап оның тұқымын өндіруге қол жеткізуі, шөп түрінде облыс көлеміне сатуы ауыл жастарының табыс табуына, салық базасының өсуіне, ауылдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей әсерін тигізді. Австриялық «Рубикон» фирмасымен суды басқару бағытындағы жұмыстары да үлкен нәтижелер беретіні сөзсіз. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, осындай жетістіктер, алдағы жоспарлардың орындалуы шаруашылық басшысы, ұйымдастырушысы инженер-гидротехник Әліби Бекжановтың тынымсыз еңбегі және білімін үздіксіз көтеруінің нәтижесі деп білеміз.
Кейінгі жылдардағы осы сала бойынша жүгізілген реформалардың сәтті бола бермегенін айтып, ой бөліскенді жөн санап отырмын.
Бүкіл жүйені басқару «Казводхозға» беріліп, Қызылорда водхозы филиалға айналды. Суармалы егістік пен мыңдаған шақырым каналдар жүйесін пайдалануды қамтамасыз етіп отырған, бұрын УОС болған аудандық водхоздар учаске атанды. Бұл шаруашылықтың деңгейін, маңызын түсіру мен басқару иінін тым ұзартып, шаруашылық жағдайын тез шешім қабылдау мүмкіншіліктерін жойып, қаржыны бөлу, пайдалануды тым ұзартып, бюрократтық жүйенің пайда болуына әкеліп соқты. Бүгінгі күнге дейін көптеген каналдар иесін таппай, оларды пайдалануда келеңсіздіктер болып жатыр. Сондықтан осы мәселелер бойынша батыл шешімдер қабылдау қажет.
Сырдария өзені бойынша су балансын жасау, бөлінген лимитті бақылау, бөлуді қамтамасыз етуде де көптеген кемшіліктер бар. Су өнім алудағы ең басты фактор бола тұра, шаруашылықтар суға тарифке сай ақша төлеуді субсидия алса да ең соңғы кезекке қояды. Бүгінгі күні Қызылорда облводхозына шаруашылықтардың 2022 жылға пайдаланған суға 68 млн теңге қарыз болуы – осының айғағы.
Минералды тыңайтқыштарды, тұқымды, жанар-жағармайларды, гербицидтерді, самолеттер мен дельтапландарды пайдалану алдын ала төлеу арқылы ғана жүзеге асатынын бәріміз жақсы білеміз. Ал суға төлемді кейінге қалдыра береміз.
Су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің айлығы төмен, уақытылы алмайды, мәртебесі де төмен. Кейде су бөлудегі адами факторлардың орын алатыны да сондықтан шығар.
Аудандық су шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын қалыптастыруда да мәселелер бар. Заманауи су өлшегіш вертушкалар, цифрлық үлгідегі теодолит, нивелир, лазерлік тахеометр, ультрадыбыстық датчиктермен жабдықтау, осы құралдармен жұмыс істеуді оқыту, дрондармен егіс көлемін нақты бақылау, ат-көлік, мотоциклдер мен учаскелік гидрометр, техник-гидротехниктерді қамтамасыз ету – суды дұрыс басқарып, үнемдеуге қол жеткізудің бірден-бір төте жолы. Қанша айтқанмен, күрішті артық егу, ауыспалы егістікті сақтамау секілді фактілерін жоққа шығара алмайтынымызды ішінара әңгімеде естіп жүрміз. Аталған мәселелерді қатаң бақылауда ұстайтын кезең келді.
Тағы бір айта кететін мәселе – күріштің бағасы өскенде бәрі күрішші, су саласының білгірі болып шыға келеді. Олар нәтижесінде аз өнім жинап, су көп шығындап, жылда елді дау-дамайға ұрындырып, тұрақтылыққа теріс әсерін тигізуде. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін суды тұтынушылар ассоциациясын құру керек. Оның құрамына ауыл шаруашылығы басқармасы, жер комитеті мен су шаруашылығы мекемесінің өкілдерін, ауыл әкімдері, ғалымдарды қосып, жер-су ресурстарын тиімді пайдалануға қол жеткізуге және суды пайдаланудағы келеңсіз іс-әрекеттерге тосқауыл қоюға болады.
Ендігі кезекте осы салаға мамандар даярлау және қайта даярлау жөнінде ой бөліскенді жөн санадым. Су мамандарын даярлау республика бойынша 5-6 жоғары оқу орнында жүзеге асады. Кейбір ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы толықтай сәйкес келмесе де, осы сала бойынша бакалаврларды дайындап отыр. Жүргізілген реформалар нәтижесінде оқыту бағдарламаларынан көптеген инженерлік бейіндегі пәндер алынып тасталған. Сондықтан бұрынғыдай кең профильді инженер-гидротехник мамандарды даярлауға мүмкіншілік жоқ. Осылайша сұранысқа лайық, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мүмкіншілігі төмендеп кетті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өңіріміз үшін осы салаға мамандарды даярлау көп жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күнгі облыстың су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің 90%-дан астамы университет түлектері десек, шындықтан алыстамаймыз. Бірінші проблема осы мамандық бойынша студенттер контингентін қалыптастыру болып отыр. Себебі ережелерге сәйкес талапкерлерде бірнеше мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Көп жағдайда бірінші мамандықтарына өте алмай, осы мамандыққа грантпен оқуға түсуіне байланысты 60-70% студенттер құрамын қыздар құрайды. Келешекте олардың шаруашылықтарда немесе учаскелерде гидротехник болып жұмыс істеуі екіталай.
Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров осы жағдайды шешудің бір жолы ретінде «суармалы егіншілікпен айналысатын әрбір шаруашылық өз қаражаты есебінен кемінде бір маманды оқытуы керек» деген ұсынысын айтып жүр. Кәсіби маман атанған өз азаматтарыңыз ертең елге келіп, шаруашылыққа тұтқа болып жатса, барлығымыз ұтамыз.
Мамандарды тұрақтандыру бағытында игі істер жасаған шаруашылық басшыларының жұмыстарын жақсы білеміз және әрдайым үлгі ретінде айтып жүреміз. Негізінен бұндай стратегиялық бағыттағы мамандарды даярлау мемлекет тарапынан жүргізілуі тиіс. Университеттердің дербестігі жағдайында барлығын бірдей Болон процесімен дайындаудың қажеті жоқ.
Еліміздің су қауіпсіздігі алдағы уақытта бүгінгіден де өткірлене түсетінін трансшекаралық өзендер жағдайы, жаһандық климат өзгерісі, қалыптасып отырған геосаяси жағдайлар, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері айқындап отыр.
«Бәрін де мамандар шешеді» деген қанатты сөз өз маңызын ешқашан жоймайтыны анық. Сондықтан сапалы мамандарды даярлау ұлттық деңгейдегі мемлекеттік мәселе болып қала береді.
Қызылорда қаласына іссапармен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен болған кездесуде Қорқыт ата университетіне «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша арнайы грант бөлу жөнінде ұсыныс жасағанмын. Міне, сол қабылданып, биылғы оқу жылына 20 грант бөлінді. Уәдесіне берік министрге Сыр өңірінің су шаруашылығы қызметкерлері атынан рахметімізді айта отырып, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыруда толағай табыстар тілейміз.
Қорыта келе, қазақстандық Арал өңірінің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, шаруашылық мәселелерін шешудегі су ресурстарын тиімді пайдаланудың аса зор маңызын және Кіші Арал теңізін, көлдер жүйесін сақтау арқылы балық шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін ескере отырып, аймақтың су шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын қабылдап, тез арада оны жүзеге асырудың жол картасын жасау қажет деп санаймын.
облводхозына шаруашылықтардың 2022 жылға пайдаланған суға 68 млн теңге қарыз болуы – осының айғағы.