Қала тұрғынының ваннасынан жылан шықты

363
Қостанай полицейлері қала тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



20 қазанда “102” пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді. 

Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – деді учаскелік Асқар Ментаев.
 


Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.  

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.