Психолог шатасып, мектеп оқушыларына жыныстық қатынас жайындағы брошюра таратқан

272

Жетісу облысы Текелі қаласында мектеп оқушыларына жыныстық қатынастың түрлері жайында жазылған брошюралар таратылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Ашулы ата-аналар әлеуметтік желіде балаларға таратылған материалдардың фотосын жариялады. Кітапшада жыныстық қатынастың түрлері туралы толық ақпарат берілген.


Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, Текелінің №8 мектебінде құқықтық апта аясында 7-9 сынып оқушылары кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысымен және қалалық аурухананың психологымен кездескен. Мамандар жасөспірімдермен әңгімелесіп, "Буллинг" және "Кибербуллинг" туралы бейнероликтер көрсеткен.


"Қалалық аурухананың дәрігер-психологы ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді тарату кезінде қателесіп басқа жастағы пациенттерге арналған брошюраларды таратып жіберген", - деп түсіндірді басқармадағылар.


Осы жәйттен кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесіп, олардан кешірім сұрады.


Қалалық білім бөлімі жіберілген ағаттық үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмысын жүргізеді. Білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады.


Сондай-ақ жуырда мектеп оқушыларымен жұмыс барысында мұндай жағдайларға жол бермеу және жұмыстың белгілі бір форматын әзірлеу мәселесі бойынша "Дөңгелек үстел" ұйымдастырылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.