Биыл Наурыз мерекесі Қызылордада ерекше аталып өтпек
1 048
Биыл Қызылордада Наурыз мерекесі ерекше аталып өтілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады.
Мерейлі күн сыр өңірінде Амал мерекесімен бастау алады. Ал негізгі шаралар облыс аумағында 21-22 наурыз күндері тойланады. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.
Брифингте Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Алғашқы күні Амал мерекесі аясында медициналық мекемелерде ем қабылдап жатқан жандардың жағдайын біліп, әлеуметтік қызмет көрсету нысандарында қызмет алып жатқан тұрғындарға арналған түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Спектакльдер, мерекелік кештер ұйымдастырылып, жаңа тұрғын үйлердің кілті табыстау шарасы өткізілмекші.
Мереке Қызылорда қаласында да жоғары деңгейде аталып өтетін болады. Бұл жайында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов жеткізді.
Мерекелік шара барысында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылынан шыққан жас жұптың беташар рәсімі жасалып, 85 бүлдіршіннің тұсау кесіледі деп күтілуде.

Биылғы мерекеге орай аймақтағы 146 кент және ауылдық округтерде барлығы 300-ге жуық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылатын болады. Оған дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Оның ішінде жастарға тәрбиелік мәні зор түрлі тағылымдық шаралар, кітап көрмесі, «Наурыз-думан» тақырыбы аясында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізіледі. Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Д.Исабековтың «Құстар фестивалі», Ғ. Мүсіреповтің «Ақбаян» спектакльдері мен Қ. Бегмановтың «Ер Төстік» балалар спектаклі көрерменге ұсынылады. Сондай-ақ, этнографиялық көрме, көшет отырғызып акциялары, мерекелік шаралар мен ашық есік күндері өтеді, – деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Мереке Қызылорда қаласында да жоғары деңгейде аталып өтетін болады. Бұл жайында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов жеткізді.
Наурыз мейрамында қала тұрғындары ерекше көңіл күй сыйлауды мақсат тұтып отырмыз. Яғни, Қызылорда қаласында 14 наурыздан бастап 22 наурызға дейінгі 6 күнге жеке-жеке атау беріліп, әр күннің іс-шаралар тізбегі, оқиғалар қатары бекітілді. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі. Тұңғыш Президент саябағында облыс әкімінің және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен көктемгі көшет отырғызу шарасы болады. Сол сияқты Наурыз мерекесі аясында Қызылорда қаласы, сол жағалаудағы жерлестерімізге 40 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй табысталады. Сонымен қатар, қолөнершілердің арнайы киіз үйі тігіліп, ұлттық бұйымдар көрмесі ұсынылады. Мереке күндері Қызылорда қаласы бойынша және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде, қаланың барлық мөлтек аудандарында, білім, спорт, мәдениет ошақтарында түрлі сипатта барлығы 100-ге жуық мерекелік шаралар ұйымдастырылады, – дейді қала әкімінің орынбасары.