"Бұл – нағыз мазақ"

282

Ақтаулық тұрғындар екі "ару" бейнеленген мүсінді алып тастауды талап етуде, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Қызым жаттығуға барар жолда осы мүсіндердің жанынан өтеді және өткен сайын менен: "Анашым, қыздардың түріне не болған?" деп сұрайды. Мен бұдан былай шыдай алмадым, біз бұл туралы көпшілікке жеткізуге шешім қабылдадық себебі бұл - нағыз мазақ", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мирослава Сурженко.


Тағы бір тұрғын биылғы жылғы жасалған жөндеуден кейін көңілдері одан бетер түсіп кеткенін жеткізді.


"Көңіліміз қалды. Оның үстіне бұл Қазақстан, бұл ұлттық киімдер, әйелдер мерекесі де келе жатыр. Халықтың үстінен күліп тұрған сияқты. Қала басшылығы бұл мәселені мұқият бақылауына алып, өнер адамдарын жіті таңдаса екен деймін", - дейді Майя Кононенко.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақтаулық мүсіншілердің шығармашылық тәсілінің бірнеше нұсқасын алға тартады. Бірақ көпшіліктің басым бөлігі мұндай "сұлулықтан" тез арылудың қажет екенін айтқан.


Қала әкімдігі болса мүсіндердің сыртқы кейпіне ауа-райының қолайсыздығы әсер етті дейді. Сөздерінше, бояу күн мен жауын-шашынның салдарынан өзгеріске ұшырайды екен. Жақын арада оларды қайта қалпына келтірмек ойлары барын жеткізді. Тұрғындардың пікіріне құлақ асқан шенеуніктер келесі жолы мердігерлерден нағыз суретшілерді көмекке шақыруды өтінетінін алға тартып отыр.


"Оларды соңғы рет тамыз айында бояған. Енді қазір  бұл мүсіндердің сыртқы түрін жаңартудың уақыты келіп тұр. Біздің климатымыз жылы болғандықтан, жағылған бояу жаңбыр суынан нашарлайды, мәселе осында болып тұр. Біз бұл жұмыстарға өткен жылы осы жұмыспен айналысқан компанияны қайта тарттық. Олар қосымша бояу жағатын болады", - деп ақталды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Бахтияр Мақсатов.