Анасының мәйітін жасырмақ болған күдікті қамауға алынды
Алматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған,- деп Opennews.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жан түршігерлік оқиға түнгі уақыт шамасында Гагарин даңғылының маңында болған. Ер кісі өз анасын өлтіріп, мәйітін кілемге орап қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Куәгерлер оның күмәнді әрекетін байқап, кілемді ашып қарағанда әйелдің денесін тауып, дереу полицияға хабар берген.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Белгілі болғандай, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.







