Анасының мәйітін жасырмақ болған күдікті қамауға алынды

2 582

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Рабочая комиссия депутатской фракции партии AMANATАлматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған,- деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Newtimes.kz  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жан түршігерлік оқиға түнгі уақыт шамасында Гагарин даңғылының маңында болған. Ер кісі өз анасын өлтіріп, мәйітін кілемге орап қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Куәгерлер оның күмәнді әрекетін байқап, кілемді ашып қарағанда әйелдің денесін тауып, дереу полицияға хабар берген.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Күдікті ретінде марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Белгілі болғандай, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.