Қарағандыда екі жігітпен кездесіп жүрген қыз полициядан көмек сұрады
408
Қарағанды облысында қызғаныштан ғашығының телефонын сындырған жігіт ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
24 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 22 жастағы тұрғын шағымданып хабарласқан.
Шағымданушы қыздың айтуынша, жігіті телефонын әдейі сындырған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушінің бір мезетте қос жігітпен кездесіп жүргені белгілі болды.
Қос жігіттің бірі сүйгеніне қымбат, бағалы ұялы телефон сыйға тартқан. Оны екінші жігіт біліп, қызғаныштан телефонды сындырған.
Жәбірленушіге 850 мың теңге шығын келтірілген. Полиция қызметкерлері 24 жастағы қызғаншақ жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабына (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.