Елде тапшылық бола тұра газды экспорттауға енді жол берілмейді - Президент

530

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Президент бизнесмендермен кездесуінде үкіметке мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да бірқатар салада тәртіп орнату қажеттігін хабарлады. Бұл ретте жаңа өндірістерді ынталандыруда табиғи газбен қамтамасыз ету де ерекше рөл атқарады.

"Самұрық-Қазынаны"  реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуі тиіс. Кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, тіпті маған индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініштерін айтып жатыр. Ал газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді", – деді республика президенті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.