Тағыда мектеп оқушысы көз жұмды: Денесін анасы тауып алған

1 559

Фото: Kannika Paison / Getty ImagesҚызды үйінен анасы тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көмек көрсете алмады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз Таразда болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорада асулы күйде табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

№26 орта мектептің 9-сынып оқушысы неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалды.

Қаза болған қыз соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала.

– Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.