Қызылордада ер адам суретке түсу үшін темір дулыға киіп, шеше алмай қалған

1 564

ҚР ТЖМҚызылордалық құтқарушылар азаматтың басынан темір дулығаны шешіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол "Спартандық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді.


"Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.