СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНАН КЕЙІНГІ АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

1 115

Фото: Маханбет Ахметов жеке архивінен алынды1944 жылы ақпан-наурыздың қара суығында Кавказ халықтары, ұлттарды жер аударды. Жалағаш ауданына ауыл-ауыл болып, чешен ұлттары келіп, қазақтың қоржын үйінен пана тапқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

1945 жылдың Жеңіс күні тек біздерге ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтарына қуаныш, бейбітшілік әкелгені мәлім. Екінші дүниежүзілік соғысқа үш мыңға жуық жалағаштықтар аттанды. Олардың үштен екісі майдан даласынан оралмады, ерлікпенен қаза тапты.

1946 жылы аудан бойынша барлығы 47 телефон нүктесі болған.

1947 жылдың сәуірінде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Жанасов Қаппар келді. Ол 1949 жылға дейін ауданға басшылық жасады.

1948 жылы Элеватор мекемесіне О.Бешимов басшылыққа келді. Соғыстан кейін құлдыраған ел экономикасын қалыпқа келтіруге Элеватор мекемесіде зор үлес қосты.