Моншада пара алған подполковникке үкім шықты

1 262

Фото: NUR.KZ/Владимир ТретьяковАтырау соты қалалық тергеу изоляторы басшысының міндетін атқарушы подполковникке үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол сотталушылардың бірінің бауырынан 1 млн теңге пара алған. Сотталушыны шаруашылық жұмыстарына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыруға уәде берген.

Подполковник кінәсін мойындады. Дәлелдерді жоққа шығармаған.

Прокуратура оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Бірақ сот оған басқа үкім шығарды. Ол енді 30 млн теңге айыппұл төлейді. Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Әділет подполковнигі шенінен де айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.