Белгісіз біреулер ер адамды көлікке күштеп салып, ұрлап әкеткен
Желіде Шымкентте бір топ адам ер кісіні көлікке салып ұрлап әкетіп бара жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Видеоны кездейсоқ өтіп бара жатқан адам түсіріп алған. Кадрлардан төрт ер адамның бір кісіні ұрып-соғып, көліктің артына күштеп мінгізгенін көруге болады. Сосын айналадағы адамдар көмекке жүгірген кезде, олар көлікке мініп қашып кетеді.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік табылып, екі күдікті ұсталды.
Қаз
Рус






