1 шілдеден бастап ипотека бағасы төмендейды
Реттеуші органдар қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін жаңартты. 1-ші шілдеден бастап ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты қаулы жариялады. Құжат 16-шы мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда көптеген несие бойынша мөлшерлемелер 1-ші шілдеден бастап жаңартылады. Кредиттердің басым бөлігі бойынша ЖТСМ бұрынғы деңгейде қалады. Тек бір өзгеріс бар:
- кепілсіз банктік қарыздар бойынша – жылдық 46%-ға дейін;
- кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – жылдық 35%-ға дейін;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 16-шы мамырдан бастап 25%-ға дейін, ал 1-ші шілдеден бастап ЖТСМ 20%-ға дейін төмендейді.
Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 1-ші шілдеден бастап 20%-ға дейін азаяды. Микрокредиттер бойынша 16-шы мамырдан бастап мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады:микрокредиттер үшін – жылдық 46%-ға дейін, Мерзімі 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттер үшін – күніне 0,3% және жылдық 179%. Бұл ретте қарыз сомасы 45 АЕК-тен аспауға тиіс.







