Үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

501
1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды.
Атап айтар болсақ, олар экология саласын зерттеп, өз ұсыныстарын айтуы мүмкін. Оларды гендерлік мәселелер де сырт қалдырмайды. Адам құқығын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын қорғау секілді
шаралармен айналысуы ықтимал. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айналысатын салалары өте көп.
Үкіметтік емес ұйымдар  үшін сыйлықақы - бұл үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Айта кетсек, соңғы 5 жылда 287 Үкіметтік емес ұйымдар  қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.
Егер сіздің Үкіметтік емес ұйымдар  қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік Үкіметтік емес ұйымдар  арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да аяқталады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/.../akk/documents/details/321154...