Мәслихат төрағасы пара берді деген күдікке ілінді

1 362

Фото: freepik.comҚостанай облысында аудандық мәслихат аппаратының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысы бойынша аудандық мәслихаттың төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

Мәслихат төрағасы қызметін дұрыс атқармағаны үшін, депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып жатыр.

23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.