«Қызылордалық көпбалалы аналар мейрам қарсаңында мараппаттаусыз қалды»

2 558
Қызылорда облысында  көпбалалы аналар  мейрам қарсаңында тағы да назардан тыс қалып қоюда  - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күннен кейін, жаны сұлулықты қалайтын  нәзік жандылардың мерекесі де  таяп қалды. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 23 810 көпбалалы аналарды   құттықтау мақсатында  2 МРП, яғни 7658 көлемінде ақшалай төлемдерді табыс етуде.
Тіпті, Өскемендік аналардың өзіне 15 мыңнан берілуде.  Бір қызығы осы тізімнің арасынан Қызылорда қаласының әкімдігін байқай алмадық! 


«Мен көпбалалы анамын. Осы Нұр-Сұлтандықтарға қызығам жылда халықаралық әйелдер күніне орай сыйақы алып отырады. Біздің Қызылордалық аналар басқа облыстың  аналарынан кенде емес шығар?! Әлде алқалы аналардың бәріне бірдей беруге бюджеттен қаржы жетпей жатыр ма?», - дейді күміс алқа иегері Әйгерім Меңдібаева..

Расында, келешек ұрпақты тәрбиелеп отырған аналарымыздың  еңбегі  орасан зор.


 «Келе жатқан мерекеде күміс,алтын алқалы аналарды елеп, әкімдік сыйлық жасайтын болса, бір мәз болып қалар едік», - дейді Әйгерім Маратқызы. Осы орайда,

Қызылорда облысының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары Абдукаримов Мейрамбек Жақсылықұлы: «Алтын алқа және күміс алқа иегерлерін облыс, қала және аудан әкімдіктері қабылдайды. Бірақ, қосымша ештеңе қарастырылмаған. Оны тек әкімдіктер ғана шешеді», - дейді.

Сайып келгенде, өткен жылдағыдай  әкімдіктің алдында шу шығаратын 5-6 көпбалалы аналар ғана марапатталатын секілді. Алайда, нағыз алтын құрсақты  аналарымыз назардан тысқары қалып қоймаса екен.

АЙБАР