Ішімдік ішіп 2 айлық қызын ұрып-соққан әке 6,5 жылға сотталды
207
Елордалық азамат мас күйінде екі айлық қызын ұрып-соққаны үшін 6,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша 6,5 жылға сотталып, сот маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындаған.
Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ер адамның кінәсі сотталған адамның айғақтары, жәбірленушінің заңды өкілі, куәгерлердің айғақтары, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденгені хабарланады.
Сотталушы ішімдікке салынғандықтан, емделуге мұқтаж.

Сот сотталушыны 2022 жылдың 2 шілдесінде мас күйінде екі айлық қызының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Апелляциялық тәртіпте іс сотталғанның және кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің (анасының) өтініштері бойынша қаралды, олар жазаны жеңілдетуді және сотталғанды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Істі жоғары тұрған орган апелляциялық талаптар шегінде қарады, сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ер адамның кінәсі сотталған адамның айғақтары, жәбірленушінің заңды өкілі, куәгерлердің айғақтары, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденгені хабарланады.
Сотталушы ішімдікке салынғандықтан, емделуге мұқтаж.
Бұған дейін ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде әйелін ұрып-соққаны үшін де. Ол қылмысты мас күйінде жасаған, сот оны қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай деп таныған. Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.