Ақмола облысында 38 жастағы ер адамды көршісі атып өлтірді

277
пистолет

Ақмола облысының Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды көршісі өлтірген. 

"Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.