Күйеуіне ренжіген әйел балаларын аяусыз ұрып-соқты

1 519

Фото: stan.kzҚырғызстанның Сокулук ауылында 30 жастағы әйел күйеуіне ренжіп 9 және 7 жастағы екі баласын жерге құлатып, бірнеше рет ұрып-соқты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Кадрлардағы балалардың шырылдаған дауысы мен үрейге толы сәті жұрттың ашу-ызасын туғызды.

Құқық қорғау органдары әйелді ұстап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу материалдарына сәйкес, ол соңғы үш ай бойы күйеуімен арада туған жанжалдың ашуын балаларынан алған.

Күдіктіге «денсаулыққа әдейі зиян келтіру» және «кәмелетке толмағандарға қатыгездік жасау» баптары бойынша айып тағылды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.