Семейде жүргізуші қызды қағып, белгісіз бағытқа алып кеткен

550

Семейде жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде. Көлік апатына себеп болған тұрғын зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Екі күннен бері іздестіру жұмстары жалғасуда. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. 

"Семей қалалық полиция басқармасының 102 каналына "Радуга" сауда үйі ауданында жүргіншілер жолағында анықталмаған автокөлікте отырған белгісіз жүргізушінің кәмілеттік жасқа толмаған қызды (шамамен 12-13 жас) қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Жүргізуші зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.