Ұшақта темекі шеккен шетелдік жауапқа тартылды

1 501

Фото:© Opennews.kz/ЖИАлматыда көлік полицейлері әуе рейстерінде темекі шеккен бірнеше жолаушыны жауапкершілікке тартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Сеул – Алматы бағытындағы рейспен ұшып келген 56 жастағы шетел азаматын анықтаған. Жолаушы ұшу кезінде авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемей, ұшақтың дәретханасында темекі шеккен. Ол рейс аяқталғаннан кейін тиісті акт бойынша полиция қызметкерлеріне тапсырылған. 

Осыған ұқсас жағдай Алматы – Шымкент бағытындағы ішкі рейсте де тіркелген. Онда бірнеше шетел азаматы ұшу кезінде темекі шегіп, әуе кемесіндегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзған. Көлік полицейлері барлық құқық бұзушыны әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартты. Полиция өкілдері әуе және теміржол көлігі нысандарында белгіленген талаптарды сақтау ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салды. Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе және теміржол инфрақұрылымы нысандарында 62 639 құқық бұзушылықтың жолын кескен. Оның ішінде 4 575 жағдайда азаматтар алкоголь ішіп немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келген. Ал 2 835 құқық бұзушылық темекі шегуге салынған тыйымды бұзуға қатысты болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.