Қала әкімі өз үйінде өлі табылды

1 600

Фото: gov.kzАқтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өзіне қол жұмсады. 46 жастағы шенеуніктің денесі өз үйінен табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жағдай 20 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында болды. Бейресми дерекке сүйенсек, сол күні жолдастарымен кездескен. Қайғылы хабарды аудан әкімдігі растады. 

«Оқиға бар. Денесі өз үйінен табылды. Қазіргі таңда жан-жақты қаралып, тергеу жүріп жатыр. Балалары бар», – деді Темір ауданы әкімі Алмас Жақсылықов. 

Еркін Далмағамбетовтың артында екі әйелінен 6 баласы қалды.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Далмағамбетов 2024 жылдың 3 маусымында бастап Темір қаласының әкімі болып сайланған. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары жер қатынастары саласында түрлі лауазымдар атқарып, жеке секторда істеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.