Солтүстік Қазақстан облысында бойжеткеннің мәйіті табылды.

415
Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат кешкі жеті шамасында "102" пультіне бойжеткеннің мәйіті табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түседі. Мәйіт Петропавлдағы "Речпорт" ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған. Оқиға орнына бірден жедел тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды. Табылған мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, бұл сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.