Ер адам жиһазға арналған степлермен көзін тесіп алған

1 676

Фото: Ашық дерек көзіАлматыда ер адам жиһазға арналған степлермен көзін тесіп алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне көз алмасының жарақатымен науқас түскен. Науқастың айтуы бойынша, жарақатты үй жағдайында алған. 


Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың айтуынша, бұндай жатақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдалуына (қан құйылу, ісіну, ажырау) әкелуі мүмкін. Қажет болған барлық тексерістен кейін дәрігерлер көз ішіне түскен затты шығарып алып жарақат орнын тігу отасын жасап шықты.


"Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі аталған отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды",- дейді дәрігер.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.