Салымшылар үшін депозиттегі жинақтың 10 %-ын алуға өтініш беру мерзімі ұзартылуда

273
Қазақстанда депозитте сақталған қаражатқа мемлекеттен сыйақы алу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Салымшылар депозиттегі жинағының 10 %-ын бір реттік сыйақы ретінде алу үшін 2023 жылдың 10-ақпанынан кешіктірмей өтінім беру керек. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар ашық үкімет порталында жарияланды.

Сондай-ақ, жарияланған құжатта қайтыс болған салымшы мұрагерінің өтемақы алу шарттары да көрсетілген. Мысалы, көз жұмған салымшының өтемақысы мен мұрагердің банктегі жинағы бойынша сыйақысын алу процесі жеке-жеке жүргізіледі. Қайтыс болған азамат пен мұрагердің депозиттегі қаражаты 20 миллион теңгеде аспауы тиіс.

Естеріңізге салсақ, үкімет биыл банктерде ұлттық валютамен қаражат жинаған азаматтар салымының 10 %-ын бір реттік сыйақы ретінде мемлекет тарапынан төлеу туралы қаулы шығарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.