ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

211

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіАймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Жаңақорған ауданында болып,  бірқатар құрылыс жұмыстарының барысымен танысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жаңақорған кентінің С. Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектептің құрылысын  «Авангард» ЖШС жыл соңына дейін бітіруді жоспарласа, МАИ бекетіндегі 600 орындық мектеп құрылысы аяқталғанымен, анықталған кейбір кемшіліктерді шешу өте баяу жүруде. Осыған байланысты мердігер мекемелердің басшыларына кеткен кемшіліктерді тез арада жойып, қысқа мерзімде пайдалануға беруді қатаң ескертті.  
Өзгент, Жайылма елді мекендеріндегі клуб құрылыстарының құрылысы да осы жылдың соңына дейін аяқталмақ. 


Сонымен бірге, Мархабат Жайымбетұлы Жаңақорған кентінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 898,9 млн теңге бөлініп, құрылысы жүргізіліп жатқан 10/0,4 кВ электржелілік жүйесін жаңғырту және тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес сапалы әрі тиянақты жүргізу қажеттігін ескертіп өтті. 


Бірлік елді мекені Жаңақорған ауданындағы газдандырылып жатқан екінші елді мекен, құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс.


Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жүріп жатқан №55 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын аймақ басшысының өзі бақылауға алған. Мұнда қазіргі таңда 45 адам еңбек етсе, тағы 16 адам қосылуы тиіс. Облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетов тиісті салалық басқарма басшылары мен мердігер компанияға жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанын, сол себепті күрделі жөндеу жұмыстарын барынша сапалы жүргізіп, қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. 


Осы елді мекендегі 90 орындық балабақша жақын арада іске қосылатын болады. 


Облыс әкімінің орынбасары кездесу қорытындысымен аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан барлық объектілер бойынша тапсырыс беруші облыстық басқарма басшыларына, аудан әкімдігіне, мердігер мекемелердің басшыларына құрылыстарды сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.