Оқушы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылған

1 772

Фото: Ашық дерек көзіАлматылық мектеп оқушысы дене шынықтыру мұғаліміне шағымданып, басқа да оқушыларды ұрды деп айыптады. Қалалық полиция департаменті тексеру басталғанын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқушының шағымы EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды. Жазба сипаттамасында Алматы мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балаларға қол көтерді деп жазылған. Сондай-ақ үндеу жасаған баланың алтыншы сынып оқушысы екені айтылған. Видеода ол соққыдан қабырғасы мен ішінің ауырғанын айтқан. Жазбаға Алматы полиция департаменті түсінік берген.

 "Аталған факт бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.