ПЕДОФИЛМЕН КҮРЕС: Өлім жазасы тым ауыр ма?

5 270

Бүгінде бала өміріне қол сұғып зорлық әрекет жасаушылары қатары күннен күнге көбеймесе азаяр емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарында педофилдерге химиялық кастрация жасау жөнінде заң күшіне енді. Бұл заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты істі болғандарды жауапқа тартады. Алайда, жылдан-жылға қылмыс саны артуда. 


Педофилия үшін Таяу Шығыс елдерінде, Қытай, Латын Америкасы, Ирак пен Иран, Оңтүстік Корея мен Біріккен Араб Әмірлігі, Африка елінде қылмыскер өлім жазасына кесіледі.  Африканың кей елдерінде тіпті тірідей өртеп жібереді деседі. Германияда да бұл қылмыс үшін сол жаза, тек 6 ай мен 10 жыл аралығына дейін. Бұл елде өлім жазасы тек зорлықтың құрбаны қылмыскер қолынан қайтыс болған жағдайда тағайындалады екен.


Елімізде бұған дейін кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс үшін көп дегенде 15 жыл берілетін. Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді педофил ең ұзақ 17 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді зорлағандардың арасында 1-ақ жылға сотталғандар бар.  Алайда өзінің арам пиғылын іске асырған азғындар қатары жыл санап артып келеді. Ал 2020 жылдан бері 3000 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. 2023 жылы 385 зорлық-зомбылық қылмыстық ісі тіркеліп, 11 бала қаза тапқан.


Ішкі істер министрлігінің ресми статистикасы бойынша, 2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұқпаушылыққа қарсы  550 қылмыс жасалған. Демек, бала зорлығы құлаққа үйреншікті жаңалықтар қатарына еніп бара жатыр. Айдын күннің аманында 2 жасар баладан бастап кәмелет жасқа толмаған балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық үшін жауапкершіліктің күшеймегендігі емес пе? 


Жалпы алғанда бұл мәселеге келгенде бей-жай қарайтындар аз. Өйткені таразының басында бір жасөспірімнің болашағы тұр. Зорлық көрген баланың психикасына орны толмас зиян келеді. Мұндайда көпшілігі өлім жазасын тағайындау керек дейді.


Журналист Мадина Қуанышбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасына мынадай жазба қалдырған:

«Бұндай жауыздардың қолын сындырып, халық өзі жазасын беруі керек! Педофилдерді өлім жазасына кесуді талап етемін! Халық алдына шығарып, қинап өлтіруін сұраймын! Әлі қанша бала жауыз қолында құрбан болуы  керек?»,- деп жазды.


 Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп:


«Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айрылған адамды біздің қазақ «айуан» дейтін… Республика көлемінде педофил көбейді. Бұл айуандар көбейгенін аңғартады. Құтырған иттің өзін атып тастаймыз! Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?! Айуанға адам құқығы деген мүсіркеумен қарауға болмайды». 


Педофилдің «құрбаны» болған еліміздегі ең кішкентай сәби 2-ақ жаста болған. Атап айтқанда, педофилдердің көбі Қылмыстық кодекстің 120, 121, 122, 124-баптары бойынша сотталған. Бұл баптардың барлығында жаза мерзімі өте аз. 8 жасар баланы зорлағаны үшін 4 жыл, 13 жасар жасөспірімге қиянат жасағаны үшін 1-ақ жыл арқалаған азғындар да бар.


Елімізде 2000 жылға заңда дейін зорлықшыны бар болғаны 3-5 жылға бас бостандығынан айыру көзделген еді. 15 жылдан 25 жылға дейінгі мерзім он жыл бұрын ғана бекітілді. Одан кейін Қылмыстық кодексте педофилдерді белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы бап қосылды. 2018 жылы педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы шешім қабылданды.


Күн санап артып келе жатқан қылмыстың аты құлаққа түрпідей тиетіні жасырын емес. Естіген жаңалығымыз есімізді есеңгіретіп тастайтыны тағы бар. Ер азаматтарымыздың соншалықты төмен түсуіне не себеп? Жуырда Түркістан облысында қылмескердің қолынан қаза тапқан 5 жасар Еркежан аса қатыгездікпен өлтірілгенін желі қолданушылары жарыса жазған болатын. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев жіті бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Десе де азғындарға өлім жазасын сұраған дүйім жұрттан түскен хаттардың бірінде:


«Менің 6 балам бар . Күйеуімді педофил деп 17 жылға соттады. Жазаның 5 жылы ғана өтелді. Үйді әкесін күтіп отырған 6 бала бар. Оның үшеуі қыз бала. Өлім жазасы тағайындалса, жолдасымнан айырылып қалам ба деп қорқамын деп», - жазып жіберген.


Педофилдерге өлім жазасы тағайындалуына келісесіз бе?