Қазалы ауданында «Әмір Арена» спорт кешені ашылды

1 121

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында жаңадан салынған «Әмір Арена» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен аудан тұрғындары келді.

Аймақ басшысы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге және Сыр спортындағы жаңалықтарға тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болатын, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті деген мәселелерін шешуге бағытталды. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса көңіл бөлінді.Өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 13 млрд. 600 млн. теңге болса, биыл 17 млрд. 600 млн. теңгеге жетіп, 18,7 пайызға өсті. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда, 29 шақырым жолдар мен көшелер жөнделуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында кенттегі Жанқожа батыр, Әйтеке би көшелерін қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді. Үш елді мекеннің (Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Қожабақы ауылы) электр желілері жаңғыртудан өтуде. Аудан орталығында «Руханият орталығы», Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 300 орындық мектеп құрылысы қарқын алды. Биыл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығына салынуы жоспарланған 600 орындық мектептің құрылысы басталады.Соңғы жылдары аймағымызда заманауи спорт нысандары көптеп бой көтеруде. Өткен жылы 13 спорт кешені салынып, оның 9-ы пайдалануға берілді. Бүгін өздеріңізбен бірге «Әмір Арена» жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаймыз. Қазалылық жас жеткіншектер осы кешенде жаттығып, шарболаттай шынығып, көк байрағымызды көкте желбіретсін!», – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты шарада спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, облыстық мәслихат депутаты, «Қазалы кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Тілеп» ЖШС директоры Ибайдулла Тілеп құттықтау лебізін жеткізді.

Жеке кәсіпкер Шынар Өтегенованың демеушілігімен салынған 200 адамдық бұл кешенде жастардың футбол, баскетбол, волейбол, гандбол және күреспен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

2024 жылдың күзінде Қазалы ауданында «Әмір Арена» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл кешен ауданның спорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жоба болып табылады.

Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауданның белсенді азаматтары, спортшылар, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Салтанатты шара барысында аудан әкімі жаңа кешеннің тұрғындар үшін қандай маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кешеннің Мүмкіндіктері

«Әмір Арена» спорт кешені заманауи спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кешенде:

Жеке жаттығулар мен топтық сабақтар өткізугеАуданның спортшылары мен жастардың жаттығуларына арналған.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген спортшылар мен жаттықтырушылар «Әмір Арена» кешенінің жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратынына сенім білдірді. Бұл кешен тек кәсіби спортшыларға ғана емес, сондай-ақ жастар мен балаларға да арналған.

«Әмір Арена» спорт кешенінің ашылуы Қазалы ауданында спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне зор ықпал етеді. Аудан тұрғындары мен спортсүйер қауым үшін бұл кешен жаңа мүмкіндіктердің есігін ашатыны сөзсіз.