Адамдарды өлтіріп, мәйіттерін шұңқырға көмген банда басшысы 25 жылға сотталды

1 610

Фото: Kazakhstan Today90-жылдардан бері аса ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген қылмыстық топтың жетекшісі 25 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


1998 жылы К. есімді азамат қылмыстық келісіммен және пайдакүнемдік мақсатпен, азаматтарға қарумен шабуыл жасап, заңсыз баю мақсатында тұрақты қылмыстық топты ұйымдастырған, сондай-ақ оны басқарған. 


“К.-ның басшылығымен ұйымдасқан қарулы топ ұзақ уақыт бойы бірнеше рет шабуыл жасаған. Топ мүшелерінің әрқайсысына рөлдерді бөліп, әзірленген жоспар бойынша әрекет еткен. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған”, – деп мәлімдеді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 


Бір жыл ішінде (1998-1999 жж.) К.-ның басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыс жасаған. Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген. Кейін олардың мәйіттерін шұңқырға көмген.


Сондай-ақ қылмыстық топтың жетекшісі К. жалған құжат пайдаланып, тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Ол 2024 жылдың қаңтарында ұсталды.


“Аталған қылмыстар бойынша куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкімі сотталушының 5 адамды өлтіргені дәлелдеді. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ал жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрайды”, – делінген хабарламада.


Сот К.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1-бөлімі, 96-баптың 2-бөлімі “А, Ж, З, Н” тармақтары (1997 ж. редакциясы) – азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қарулы топ құру, оған басшылық ету, пайдакүнемдік мақсатта қасақана екі адамды өлтіру бойынша саралады. 


“Қылмыстарды жасаудағы, оларды қаруды және билік өкілінің нысанды киімін қолдана отырып жасаудағы ерекше белсенді рөл жазаны ауырлататын мән-жайлар және жаза деп танылды. Жұмсартатындар – жоқ. Қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес, егер адам аса ауыр қылмыс жасаған күннен бастап 15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптан босатылады. Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыскерге ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Сот адамды қылмыстық жауаптан босату мүмкін емес деп тапса, сот 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды”, – делінген хабарламада. 


Осы заң талаптарын негізге ала отырып, сотталушы Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.


“Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "А, Ж, З, Н" тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада.