Баян Мақсатқызының ескертуінен кейін жолдар жөнделе бастаған

1 123

коллаж: turkystan.kzБұған дейін продюсер Баян Алагөзова Алматы қаласының Медеу ауданындағы жол мәселесін көтерген болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол өзінің жиі жүретін жолындағы қолайсыздық жайлы видео түсірген.



"Назарбаев көшесіндегі мына шұңқырдың осылай жатқанына үш айдай болы. Сол қалпында әлі тұр. Мен үнемі бұл жерді айналып өткім келеді, бірақ кейде болмай қалады. Медеу ауданының әкімдігіне сұрақ – бұған кім жауапты? Біз бұған қашанғы шыдауымыз керек?", - деді танымал продюсер.


Ал кешкісін продюсер көрсеткен жолдың кем-кетігі жөнделе бастаған. Жол жөндеушілердің жұмыс істеп жүрген видеосын Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде жариялады.


"Сөзіме құлақ асқан екен. Маған қала ішінде көбірек серуендеу керек болды. Қай көшелерден өтейін?", - деп сұрады продюсер оқырмандарынан.



 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.