Қызылорда облысының тұрғынынан есірткі мен тіркелмеген қару табылды

231
Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан 8 келіден астам есірткі мен тіркелмеген екі қару анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі және психотроптық заттарды тарату фактілерін анықтау мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізуде. 

8 қазан күні полиция қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында алюминий флягасына салынған ерекше иісі бар шөп және ішкі істер органдарында тіркелмеген екі қару анықталды. 

Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 8 кг 493 грамм “кептірілген марихуана” екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 Сонымен қатар заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.