Тұрғындар 2 тонна бауырсақ пісіріп, рекорд орнатты

1 424

Фото: istockphoto.comҚостанай облысы Қамысты ауданында «Бауысрақ Фест» шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сайысқа 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері мен жеріглікті тұрғындар қатысып, екі тоннадан астам бауырсақ пісірді.


Фестивальде ас атасы нанның алуан түрі дайындалды. Сондықтан әр аспаз білгенін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.


 «Әлемдік рекордты тіркеу үшін Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды екі тонна 47 келі болан. Ал қамыстылықтар екі тонна жүз келілік межеге жетеміз деп айтты. Байқағанымыздай, мұнда екі тонна үш жүз килограмға жақын. Сондықтан рекорд жаңарды. Бұл тек Қамысты, Қостанайдың ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы. Себебі бұл әлемдік рекорд», – деді Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.