Қызылордада құрылыс алаңынан құрал-саймандарды ұрлағандар сотталды
174

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесімен қала аумағындағы салынып жатқан 15 тұрғын үйге заңсыз кіріп, құрылыс заттар мен құрал саймандарды жасырын жымқырған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерекке қатысты Қызылорда қаласының Полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған.
Тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу барысында жәбірленушілерге келтірілген шығындар толық көлемде өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, біреуі 4 жыл 6 ай мерзімге, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан шектелді.