Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

460
Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің карантин талаптарын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты. Өңір 8 сәуірден бастап коронавирустың "сары" аймағында орналасқан. 

Қаулыда адам көп жиналатын діни, мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және өзге шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған.

Одан бөлек, ұжымдық ауызашар өткізуге болмайды.

Сондай-ақ, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне, қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға рұқсат етілмейді. 

Шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы алдын алу жазылу бойынша топты 15 адамнан артық толтырмауы тиіс.

Қоғамдық көлік, банктер, ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 
Ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен рұқсат етілді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істейтін болады. Сауналар (жексенбіден басқа) 30 адамға дейін, мәдениет объектілерінің толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі. 

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.