Трамвай жеңіл көлікпен соқтығысып, оны 10 метрге сүйреп кетті

1 645

Фото: yk-news.kzБүгін Өскеменде трамвай жеңіл көлікті қағып, оны 10 метрге сүйреп кеткен. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


YK-news.kz басылымының мәліметінше, KIA көлігі трамваймен бір қатарда келе жатып, трамвайдың өткенін күтпей, солға бұрыла бастаған. Трамвай көлікті 10 метрге сүйреп әкетіп, бағанаға тірелген. 

Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның куәгерлері жедел жәрдем шақырған. 

Апат салдарынан трамвайлар жарты сағаттан астам уақыт жүрмей қалған, бірақ қазір жол қозғалысы қалпына келтірілген.

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, полицейлер көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырған. 

"Қазақстан көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында Kia жүргізушісі бағдаршам жасыл жанғанда солға бұрылып, трамвайға жол бермеген", - деп хабарлады ШҚО ІПД баспасөз қызметі. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.