Ер адам 12 жастағы қыздың артынан аңдып, тиіспек болған

221
Талдықорғанда кешкі уақытта белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Полиция мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Бала зардап шеккен жоқ.

Бұл дерек бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылып жатыр, оларға облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды. Тергеу жүргізіліп жатыр, іс Жетісу облысы ПД-ның ерекше бақылауына алынған, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.