Қызылордада «Таза Қазақстан » республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылуда

1 557

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Киелі мекен» апталығы бастау алған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыр өңірі ежелден тарихи-мәдени кескерткіштер  мен қасиетті кесенелерге бай өлке. Жалпы облыста мемлекет қорғауына алынған 567 тарихи-мәдени ескерткіш бар.


Осы ретте, 14-20 сәуір аралығына жоспарланған «Киелі мекен» апталығында облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандырылады.


Акцияның алғашқы күні Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіші, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған белгі, Амангелді Иманов, Жанқожа Нұрмұхамедұлы ескерткіштерінің маңайы тазартылды.


Бір аптаға созылған тазалық акциясы аясында облыс көлеміндегі бірқатар ескерткіштер мен киелі орындар, халық шоғырланатын нысандар аумағы тазартылды. 


Бүгін де облыстың белсенді жастары, әр сала өкілдері қала тазалығы үшін санитарлық тазалау, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.